Google АҚШ-тағы Онтарио көлінің атауын Америка деп өзгертіп тастады

Жарияланды
Google
фото: shutterstock

Google корпорациясы Америка Құрама Штаттарындағы карта пайдаланушылары үшін Онтарио көлінің атауын Америка көлі деп өзгертті, деп хабарлайды Кursiv.Media.

«АҚШ-тағы Google Maps пайдаланушылары Америка көлі деген атауды көрсе, Канадада Онтарио, ал АҚШ пен Канададан тыс елдерде қос атау да қатар көрінеді», — деп мәлімдеді Google компаниясы.

Компания бұл шешімді көл атауы АҚШ үкіметінің географиялық атау жүйесінде ресми түрде өзгертілуіне қатысты қабылдаған.

Вашингтон мен Оттава арасындағы сауда қайшылықтарының шиеленісуі аясында АҚШ президенті Дональд Трамп 27 тамызда TikTok желісінде видео жариялады.

Онда ол Онтарио көлін жеке өзі «Америка көлі» деп өзгерткен картаны көрсеткен еді. Видео соңында Америка лидері бұрынғы атаумен аталатын географиялық нысанның енді жоқ екенін айтып, аудиторияны жаңа атауға үйренуге шақырды.

Бұған жауап ретінде Канада премьер-министрі Марк Карни америкалық лидердің жарлығына қарамастан, Онтарио көлі өзінің бұрынғы атауын сақтап қалатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Трамп батырдың атымен аталатын әскери кемеге өз есімін бермек. АҚШ Әскери-теңіз күштері кеменің атауын өзгерту мәселесін әлі қарастырып жатыр. Қазір түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Егер кеме Трамптың атымен аталса, бұл АҚШ Әскери-теңіз күштері тарихында қызметтегі президенттің есімімен ұшақ тасығышты атаудың бұрын-соңды болмаған жағдайы болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз