Кеңес Рақышев АХҚО-да жаңа компаниясын тіркеді

Астана халықаралық қаржы орталығында (AIFC) кәсіпкер Кеңес Рақышевқа тиесілі жаңа компания тіркелді. Fincraft Minerals Ltd. атты компания 2026 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген, деп хабарлайды Кursiv.Media.
АХҚО ашық тізіліміндегі мәлімет бойынша, Fincraft Minerals Ltd. жеке компания ретінде ресми тіркелген. Мәртебесі белсенді, яғни жұмысын бүгін бастаған. Құрылымның заңды мекенжайы Астана қаласының Есіл ауданында орналасқан.
Реестрде оның ресми бағыты холдингтік компаниялар қызметі деп көрсетілген.
Компанияның жалғыз акционері – кәсіпкер Кеңес Рақышев. Компанияның акция саны мың акция, әрқайсысы 1 000 теңге деп жазылған.
Компания акциялары кепілге қойылмаған. Бас директор ретінде Кирилл Довганюк көрсетілген.
Еске салсақ, Кеңес Рақышевқа тиесілі Fincraft Resources компаниясы 2026 жылдың қаңтарында «Астана» халықаралық қаржы орталығында жаңа компания тіркеді. Ол Arkhat Minerals Limited деп аталған еді.