Павлодарда сауда үйі өртенді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Делия Айдаралиева, бильд-редактор: Дастан Шанай

Павлодар қаласында сауда үйлерінің бірінің екі қабатты ғимаратында өрт шықты. Артынша оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жеткен.

112 kz ақпаратына қарағанда, өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады.

«Оқиға орнына өрт сөндіру есептоптары жедел жіберілді. Келген бойда газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары ғимарат ішіне кіріп, барлау жұмыстарын жүргізіп, өрт ошағын анықтады», – делінген хабарламада.

Өрт ошағы бірінші қабатта болғаны анықталған. Онда алты бутикті жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер қою түтін ішінде жұмыс істеген. Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, оқшауланып, толықтай сөндірген.

Айта кететін жайт, таяуда Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып 100 адам эвакуацияланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз