Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Президент Қазақстан халқының атынан Өзбекстан басшысы мен бауырлас өзбек жұртшылығын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның мемлекеттілік негіздерін нығайтудағы, орнықты дамуды қамтамасыз етудегі және халықаралық аренадағы беделін арттырудағы жетістіктері «Жаңа Өзбекстанды» құруға бағытталған данышпан әрі көреген стратегияның арқасында мүмкін болғанын жеткізді.

Сонымен қатар Президент екі ел арасындағы көпғасырлық достық, тату көршілік пен өзара қолдау жоғары бағаланатынын, ал жан-жақты ынтымақтастық бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, бүгін 1 қыркүйек күні Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы өтеді. Кеше ел басшылары Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Артынша Тоқаев пен Путин оңаша кездесу өткізген еді.

Сондай-ақ оқыңыз