303 млн теңге: «Қазхромның» топ-менеджеріне төлеген сыйақысы 2,5 есе азайды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Компания басшылары қанша жалақы алды / Фото: ЖИ-мен жасалған, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бестігіне кіретін – «Қазхром» трансұлттық компаниясының топ-менеджері былтыр 303 млн теңге алған, деп хабарлайды Kursiv.Media

Қор биржасындағы хабарламаға сәйкес, компания басшысы Прокопьев Сергейге 2025 жылы 302,7 млн теңге сыйақы төленген. Топ-менеджердің былтыр алған сыйақысы 2024 жылғы ақшасынан 2,7 есе аз. 2024 жылы «Қазхром» компаниясы Прокопьевке 842 млн теңгеге жуық төлеген.

Хром және марганец кенін өндіру, байыту және өңдеумен айналысатын «Қазхром» Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG) құрамына кіреді. Ал ERG-нің өзі былтыр Қаржы министрлігіне, Ибрагимовтар отбасы, марқұм Александр Машкевичтің мұрагерлері мен Патох Шодиевке тиесілі еді.

Биыл кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп Патох Шодиев (18,6%) пен Александр Машкевичтің мұрагерлерінен (20,7%) ERG-дің 39,3% акциясын сатып алған. Шахмұрат Мүтәліп Forbes Kazakhstan журналының 2026 жылғы ең бай бизнесмендер рейтингінде 22-орынға көтерілді. 

Сондай-ақ оқыңыз