Ұлытау облысында жолаушылар пойызы үш жылқыны басып кетті

Қарағанды – Маңғыстау жолаушылар пойызы Ұлытау облысындағы Атасу – 117-ші разъезд теміржол учаскесінде үш жылқыны қағып кетті.
Polisia.kz хабарлауынша, машинист жол үстіндегі үй жануарларын көріп, шұғыл тежеуді қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға салдарынан пойыз 14 минутқа жоспардан тыс тоқтады.
Көлік полициясы жануарлардың иесін анықтады. Ол Ұлытау облысының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Әйел теміржол белдеуінде мал жаю ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция жануарлардың жолға шығып кетуі тек пойыздардың кешігуіне ғана емес, соқтыруы мүмкін екенін атап өтті.
Шұғыл тежеу қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жолаушылар мен пойыз бригадасы мүшелерінің жарақат алу қаупін арттырады. Жыл басынан бері көлік полицейлері осындай заңбұзушылықтар үшін үй жануарларының 1300-ден астам иесін жауапкершілікке тартқан.
Айта кететін жайт, наурыз айында Ақмола облысында пойыз бір үйір жылқыны қағып кеткен еді.