US Open 2026: Елена Рыбакинаның алғашқы матчын қайдан көруге болады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Елена Рыбакина, теннис, Арина Соболенко, WTA
фото: WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US Open 2026) алғашқы айналымында алаңға шығады. Оның қарсыласы – турнирге арнайы шақырту (wild card) алған 17 жастағы америкалық теннисші Теа Фродин (WTA рейтингінде 585-орын).

Ойын Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Ойынның тікелей көрсетілімін Sport Plus Qazaqstan телеарнасы мен ресми сайтынан тамашалауға болады.

Рыбакинаның жағдайы қандай?

Елена Рыбакина үшін бұл турнир Цинциннатидегі (АҚШ) «1000» санатындағы жарыстан кейінгі алғашқы турнир болып отыр. Цинциннатиде ол ширек финалда Ига Швёнтекке (8-орын) қарсы ойында бірінші сетте (1:4 есебі кезінде) алған жарақатына байланысты кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болған еді.

Егер Рыбакина бұл кездесуде жеңіске жетсе, екінші айналымда Дарья Видманова (Чехия) – Джессика Бузас Манейро (Испания) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша Еленаның WTA рейтингінде көш бастап, әлемнің 1-ші ракеткасы атануға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ оқыңыз