Жетісу облысында екі көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты
Жарияланды
(жаңартылды )

«Сарыөзек – Көктал» автожолының 110 шақырымында екі Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысып, адам өліміне әкеп соқтырған апат болды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Жетісу облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, алдын ала мәліметтер бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, екінші машинамен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында алты адам қаза тапты, тағы бір адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Жетісуда той кортежіне қатысушылар жазаланды