Apple компаниясы жаңа бас директордың жалақысын жариялады

Жарияланды
Айфоны
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серікжан Қобыланбаев

Apple компаниясының жаңа бас директоры Джон Тернус 2027 жылы жалпы құны шамамен 58 млн доллар болатын өтемақы пакетін алады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

1 қыркүйекте қызметіне кіріскен бас директор Джон Тернустың бір жылдық негізгі жалақысы 3 млн долларды құрайды.

Ал 2027 жылы жалпы өтемақы пакеті 58 млн долларға жетеді. Бұл деректер технологиялық алпауыттың АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) тапсырған құжаттарында көрсетілген. Бұл соманың ішінде 55 млн доллар көлеміндегі мақсатты акциялар пакеті бар.

Сыйақының 75%-ы нарықтағы ірі компаниялар акцияларымен салыстырғандағы нәтижесіне байланысты болады. Қалған 25%-ы төрт жыл ішінде есептеледі. Сонымен қатар Тернусқа 2026 қаржы жылының қалған кезеңінде компанияны басқарғаны үшін 2,5 млн доллар көлемінде қосымша акциялар пакеті беріледі.

Еске салсақ, Apple корпорациясының басшысы Тим Кук компанияны 15 жыл басқарғаннан кейін бас директор қызметін босатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз