Ақтауда 200 келіден астам бекіре балығын заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Ақтауда 205 келі бекірені заңсыз тасымалдағандар ұсталды
Ақтауда 205 келі бекірені заңсыз тасымалдағандар ұсталды / фото: ЖИ

Маңғыстау облысында полицейлер 200 келіден астам бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 28 тамыз күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Toyota Camry автокөлік жүргізушісін тоқтатты.

Автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан сегіз пакетке салынған жалпы салмағы 205 келі болатын 50 дана бекіре балығы табылып, тәркіленді.

Автокөлікте болған екі ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Тәркіленген балық жауапты сақтауға берілді. Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтардың 1 миллионнан астам шабағын жіберген еді.

Сондай-ақ оқыңыз