БҚО-да орман өрті сөндірілді

2026 жылғы 2 қыркүйекте елдің мемлекеттік орман қоры аумағында бір орман өр ті тіркелді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі ақпаратына сүйенсек,Батыс Қазақстан облысында 1 өрт тіркелген.
«Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстарына орман шаруашылығы тарапынан 6 адам, төтенше жағдайлар қызметінен 10 адам, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлері жұмылдырылды. Өрттің қайта тұтануына жол бермеу және жағдайды бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жағдай қатаң бақылауда», – деп хабарлады Экология министрлігі.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Құтқарушылар өрт қаупі бар кезеңде табиғатта демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында құтқарушылар орман өртімен күресті жалғастырып жатқанын жазған едік.