Дастан Сәтбаевтың кезекті ойыны: «Бернли» – «Мидлсбро» матчын қайдан көруге болады

2 қыркүйектен 3 қыркүйекке қараған түні Англия Чемпионшипінің төртінші туры аясында «Бернли» өз алаңында, «Терф Мур» стадионында «Мидлсбро» клубын қабылдайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Бернли» – «Мидлсбро» кездесуінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Ойынды «Кинопоиск» платформасынан және Liveball сайтынан тікелей эфирде көруге болады.
Бастапқы үш турдың қорытындысы бойынша «Бернли» еншісінде 1 ғана ұпай бар, ал «Мидлсбро» 6 ұпай жинап үлгерді: «Бернли» соңғы турда сырт алаңда «Норвичтен» 1:4 есебімен ойсырай ұтылды. «Мидлсбро» болса үшінші турда «Вест Бромвичті» 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Еске сала кетейік, «Бернли» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев өнер көрсетеді. Ол осы маусымда клуб атынан 3 матчқа қатысып, әлі нәтижелі әрекеттермен (гол немесе нәтижелі пас) көзге түсе қойған жоқ.