Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады
Жарияланды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» сериясына кіретін US Open (АҚШ ашық чемпионаты) турнирінің алғашқы айналымында сенімді жеңіске жетті.
Екі сетке созылған матчта Рыбакина қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.
Екінші айналымда Елена Рыбакина Дарья Видманова мен Джессика Бузас Манейро жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы US Open турнирінің жалпы жүлде қоры 37 840 000 АҚШ долларын құрайды. Жекелей сында чемпион атанған теннисші 5 500 000 доллар көлемінде сыйақы алып, өзіне 2000 рейтингтік ұпай еншілейді.