Ермек Әбдіраманов президент іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды
Жарияланды

Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары болып Ермек Әбдіраманов тағайындалды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Ақорда ақпаратына сүйенсек, тиісті жарлыққа бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Маратұлы Абдраманов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін 27 тамызда президентТоқаев Абай Алтайды президент іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатқанын жазған едік. Ол бұл қызметті 2023 жылдың маусымынан бері атқарған еді.