Оқушылар мен студенттерге 1 млн теңге: Қарағандыда бизнес-байқау басталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

Қарағанды облысында оқушылар мен колледж студенттері арасында бизнес-идеялар байқауы өтеді. Жеңімпаздарға 1 млн теңгеден беріледі деп хабарлайды Kursiv.Media.

Байқауға 18 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Олар жобаларын төрт бағыттың бірі бойынша ұсынуы керек:

  • агроөнеркәсіптік кешен және қайта өңдеу;
  • IT және жасанды интеллект;
  • робототехника;
  • экология және өңдеу өнеркәсібі.

Байқауды Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі екінші рет ұйымдастырып отыр. Алдымен сарапшылар байқауға түскен жобалардың ішінен үздік 20 жобаны таңдайды. Финалға өткен қатысушылар өз идеяларын байқау комиссиясының алдында қорғайды.

Әр бағыт бойынша бір жеңімпаз анықталып, барлығы төрт жобаға 1 млн теңгеден беріледі. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 млн теңге.

Өтінімдер 22 қыркүйекке дейін қабылданады. Қатысу үшін өтінім мен жоба сипаттамасын zh.bektursunova@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет.

Байқау қорытындысы 29 қазанда Кәсіпкерлер күніне орай жарияланады.

Сондай-ақ оқыңыз