Қазақстан биыл 15,49 млн тонна мұнай өнімін өндірмек

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
2026 жылы қанша мұнай өнімі өндіріледі / Фото: shutterstock.com

Қазақстан биыл 15,49 млн тонна мұнай өнімін өндірмек. Бұл туралы Kursiv.Media Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Былтыр да 15,5 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері шығарылған.

Үкімет саланы дамыту үшін 2025-2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу тұжырымдамасын бекіткен. Құжаттың басты мақсаты -мұнай өңдеу қуатын арттырып, қолданыстағы зауыттардың тиімділігін көтеру.

Осы жоспар аясында жұмыс істеп тұрған МӨЗ-дер кеңейтіліп, олардың жиынтық қуаты жылына 18 млн тоннадан 29 млн тоннаға дейін ұлғайтылады.

Сонымен бірге жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін жаңа ірі зауыт салу көзделген. Осылайша, еліміздің жалпы мұнай өңдеу қуаты жылына 40 млн тоннаға дейін жетпек.

Бұған қоса мұнай өңдеу тереңдігін 89 пайызден 94 пайызға дейін арттыру, мотор отынын өндіруді көбейту және мұнай-химия саласын дамыту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ мұнай өнімдерінің сапасын К4 экологиялық стандартынан К5+ деңгейіне дейін кезең-кезеңімен көтеру қарастырылған.

Бұл жобалар мұнай өңдеу көлемін арттырып қана қоймай, отандық шикізатты тиімді пайдалану, өнім түрлерін кеңейту, сыртқы импортқа тәуелділікті азайту және мұнай-химия өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстан биыл өндіретін мұнай жоспарын жоспарын 96 млн тоннаға дейін төмендетті. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасалған шабуылдардың салдарынан мұнай өндіріс шамамен 3,5 млн тоннаға қысқарған.

Сондай-ақ оқыңыз