Ақтөбе облысында екі Camry соқтығысып, алты адам қаза тапты
Жарияланды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, жол апаты Ақтөбе – Астрахань тасжолының 94-шақырымында, Қандыағаш қаласына жақын маңда, Мұғалжар ауданында болған. Жолда екі Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан.
Полицияның мәліметінше, жол апатынан алты адам көз жұмған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көліктің қауіпсіз жылдамдығын таңдауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында екі көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты