Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айырылған жігіт қайта мас болып рөлге отырды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Полиция Талғар тас жолын жасырын патрульдей бастады
фото: polisia.kz

Ақтөбеде көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылған 24 жастағы ер адам үш ай өтпей қайта рөлге отырған. Жүргізуші мас болған және полицияның тоқтау туралы талабын орындамаған деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оқиға 2 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00 шамасында Сартай батыр көшесінде болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Avensis көлігін тоқтатуға тырысқанмен, жүргізуші полиция талабына қарамай, әрі қарай жүре береді.

Полицейлер көлікті қуып жетіп, тоқтатқанда, рөлде 24 жастағы жергілікті тұрғын отырған. Тексеру кезінде оның мас болғаны анықталды.

Ер адам 8 маусымда сот шешімімен жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда үш айға жетпей қайтадан көлік тізгінінде отырған.

Қазір машина коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізуші ұсталып, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталып, жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Заңға сәйкес, бұл әрекеті үшін ақтөбелік жігіт үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Мас болып көлік айдағандарға жауапкершілік күшейтіледі

Сондай-ақ оқыңыз