Астаналық футболшы матч кезінде көз жұмды

Ақмола облысының Атбасар қаласында өткен өңірлік жарыс кезінде Астанадан барған 58 жастағы футболшы қайтыс болды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Ақмола облысының полиция департаменті 1968 жылы туған ер адамның өлімі Атбасарда тіркелгенін растады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның өліміне жүрек ауруы себеп болған. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Футболшы командалық ойын кезінде өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсеткенімен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Жарысты Атбасар қаласының әкімдігі ұйымдастырған.
Осыған дейін Астанадағы Футбол үйінде жаттығу кезінде 2017 жылы туған баланың үстіне футбол қақпасы құлап, ауыр жағдайда реанимацияға түскен еді.