Дастан Сәтбаев Англияда «матчтың үздік ойыншысы» атанды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Burnley

Англия Чемпионшипінің 4-ші туры аясында өткен «Бёрнли» мен «Мидлсбро» кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойынның қорытындысы бойынша «Бёрнли» сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Sky Bet EFL Player of the Match» (Матчтың үздік ойыншысы) жүлдесіне ие болды.

Бұл туралы клубтың ресми Instagram парақшасы ойыншының марапатпен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Кездесудегі алғашқы голды 23-минутта қонақтар сапынан Э. Моррис соқса, 54-минутта У. Рагубер таразы басын теңестірді.

Осылайша, Дастан Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз