Көшпенділер ойындары: Қазақстан құсбегіліктен төрт медаль еншіледі
Жарияланды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында саятшыларымыз ел қоржынын жүлдеге толтырды. Дәстүрлі құсбегілік сайысының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Kursiv.Media
Қаршыға салудан Серікболсын Жалғасұлы жоғары шеберлік танытып, алтын жүлдеге ие болды. Арман Қошқаров бүркіт салудан күміс медаль иеленсе, Бабаджан Бақдәулет ителгі салудан күміс медаль еншіледі. Ал Ерлан Кенжетаев ителгі салудан қола медальға ие болды.
Бұған дейін, Қазақстан құрамасы арқан тартыстан екі алтын медаль алған еді.