Қарағанды тұрғыны суретін желіде жариялаған адамнан 100 мың теңге өндіріп алды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Казахстанцы впервые потратили больше трафика через смартфоны, чем через домашний Wi-Fi
Қарағанды тұрғыны суретін желіде жариялаған адамнан 100 мың теңге өндіріп алды / Фото: Shutterstock

Қарағанды тұрғыны суретін әлеуметтік желіде рұқсатсыз жариялаған ер адамнан моральдық шығын үшін 100 мың теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Қазыбек би аудандық №2 сотының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қарағанды тұрғыны 20 ақпанда Instagram желісінен өз суретін ер адамның парақшасынан кездейсоқ көрген. Жазбада оның тегі көрсетіліп, суреттің астына «500 000 теңге» деген жазу қойылған.

Әйел ер адамға сотқа дейінгі талап жолдап, жарияланымды өшіруді және 250 мың теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуді талап еткен. Кейін сотқа жүгінген.

Жауапкер талапты мойындамаған. Оның айтуынша, сотқа дейінгі талапты алғаннан кейін, 30 наурызда суретті парақшасынан өшірген.

Сот суреттің әйелдің келісімінсіз парақшаға жарияланғанын және ұзақ уақыт бойы ашық қолжетімді болғанын анықтады.

Сот талапты ішінара қанағаттандырып, жауапкерден жәбірленушінің пайдасына 100 мың теңге моральдық өтемақы және сот шығындарын өндірді.

Ер адам сот шешіміне шағымданғанымен, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыз