Қазақстан алғаш рет Қырғызстанға мұнай жөнелте бастады

Қазақстан Қырғыз Республикасына алғашқы мұнай партиясын 2026 жылдың 15 тамызында жөнелтті, деп хабарлайды Kursiv.Media «ҚазТрансОйл» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компания мәліметінше, тамыз айында Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға жеткізілген мұнайдың жалпы көлемі 35 мың тоннаны құрады.
«Қырғыз Республикасы бағытындағы мұнай тасымалы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы «Шағыр» мұнай құю пунктіне дейін жүзеге асырылады. Аталған пунктте мұнай теміржол цистерналарына құйылады», – делінген хабарламада.
Қырғызстан бағыты бойынша мұнай транзитінің іске қосылуы Қазақстан аумағы арқылы мұнай жеткізудің жаңа бағытын ашып, «ҚазТрансОйл» АҚ көрсететін тасымалдау қызметтер аясын кеңейтеді.
Сонымен бірге «ҚазТрансОйл» компаниясы Қытай Халық Республикасына Ресей мұнайының көлемін жылына 10 млн тоннадан 12,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.
Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобына кіретін магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор.