Қазақстанда алтын бір күнде 4 мың теңгеге арзандады

Қазақстанда алтын бағасы күрт төмендеді. Ұлттық банктің ресми дерегі бойынша, 2 қыркүйекте бағалы металдың бір грамы 64 371 теңге болды. Алдыңғы күнмен салыстырғанда 4 031 теңгеге немесе 5,9%-ға аз деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ұлттық банк мәліметінше, бір грамм алтынның ресми құны бір күн ішінде 4 мың теңгеге төмендеді. 1 қыркүйекте алтынның бір грамы 68 402,34 теңге тұрса, 2 қыркүйекте 64 371,12 теңгеге дейін арзандаған.
Осылайша, бір күндік төмендеу 4 031,22 теңгені немесе 5,9%-ды құрады. Ал 31 тамызда тіркелген 68 766,32 теңгелік деңгеймен салыстырғанда алтын 4 395 теңгеге арзандады.
Қазақстанда бір грамм алтын бір күнде 4 мың теңгеге арзандады
Бір грамм алтынның теңгедегі ресми құны, 23 шілде – 2 қыркүйек 2026 жыл
Алтын неліктен арзандады?
Қазақстандағы алтынның теңгемен есептелетін ресми бағасына әлемдік нарықтағы алтын құны мен доллардың теңгеге шаққандағы бағамы әсер етеді.
Қыркүйектің басында әлемдік нарықта алтын үш аптадағы ең төменгі деңгейіне түсті. Бұған АҚШ долларының күшеюі, облигациялар кірістілігінің өсуі және Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін деген болжамдар ықпал етті. Сонымен қатар осы кезеңде теңге долларға қатысты нығайды. Бұл алтынның теңгемен есептелетін құнын қосымша төмендетті.
Бір айда баға қалай өзгерді?
Тамыздың алғашқы күндерінде бір грамм алтын шамамен 61,7 мың теңге тұрған. 31 тамызға қарай оның құны 68,8 мың теңгеге дейін көтерілді. Алайда қыркүйектің алғашқы екі күнінде өсімнің едәуір бөлігі кері қайтты.
Соған қарамастан, 3 тамыздағы көрсеткішпен салыстырғанда алтын әлі де 2 671 теңгеге немесе 4,3%-ға қымбат.