Сәкен Майғазиев қазақ елінен сүйінші сұрады

Жарияланды 3 Қыркүйек 2026 17:31

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/saken_maigaziyev, бильд-редактор: Дастан Шанай

Музарт тобының әншісі Сәкен Майғазиев халықтан сүйінші сұрап, Кенжебек Жанәбіловтың Ақтауға ұшып келгенін хабарлады.

Кенжебек Жанәбілов бұған дейін жүрек ұстамасынан кейін ауруханаға түсіп қалған еді. Әнші емделгеннен кейін жағдайы жақсарып, дәрігерлер ұшақпен ұшуға рұқсат еткен.

«Сүйінші, қазақ елі. Дәрігерлер рұқсат беріп, Кенжебек бүгін Ақтауға ұшып келді. Бірге боламыз, құдай қаласа..», – деді әнші.

«Алла шипа берсін! Музарт үшеу боп жүріңіздер. Алдындағы бір концертте екеу боп қалып еді. Жаман екен! Ауырмаңыздар», – деп оқырмандары Кенжебекке саулық тіледі.

Мамандар бұған дейін әншіге ота жасалса, ол 3-4 ай бойы сахнаға шықпай, емделуі әрі демалуы тиіс екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз