Президент тағы алты министрдің қызметін жалғастыруына мүмкіндік берді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Ақорда
Фото: kursiv.media, Серікжан Қобыланбаев

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен су ресурстары және ирригация, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, туризм және спорт, ғылым және жоғары білім министрлері қайта тағайындалды, деп хабарлайды Kursiv.Media. Осылайша, аталған алты ведомствоның басшысы да өз қызметтерінде қалды.

Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов ҚР Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына қайта тағайындалды. Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері ведомствоны басқарып келеді. Ол министр қызметіне 2023 жылғы 4 қыркүйекте алғаш рет тағайындалып, кейін 2024 жылғы 6 ақпанда қайта тағайындалған болатын.

Денсаулық сақтау министрі

Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова да Денсаулық сақтау министрі қызметін жалғастырады. Экс-сенатор бұл лауазымға 2024 жылғы 6 ақпанда тағайындалған болатын.

Ауыл шаруашылығы министрі

Президент Айдарбек Сейпілұлы Сапаровты да Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында қалдырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Асқарбек Маратұлы Ертаев ведомство басшысы ретіндегі жұмысын әрі қарай жалғастыратын болды. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне 2026 жылғы 27 қаңтарда тағайындалған болатын. Осылайша, Ертаев бұл қызметті атқарып жүргеніне небәрі 7 айдан астам уақыт болды.

Туризм және спорт министрі

Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов та Туризм және спорт министрі қызметінде қалды.

Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына қайта тағайындалды. Ол министрлік құрылғаннан бері ведомствоны басқарып келеді, бұл лауазымға 2022 жылғы 11 маусымда тағайындалған болатын.

Сондай-ақ Тоқаев әділет, көлік, энергетика, оқу-ағарту, сауда және интеграция, өнеркәсіп және құрылыс министрлерін де қайта тағайындады.

Ал Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Аида Балаеваның орнына Арман Қырықбаев Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз