Үкіметте кадрлық өзгерістер: Нәлібаев, Мәдиев пен Жұманғарин қайта тағайындалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Коллаж: kursiv.media, Ахтам Зиперов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Үкімет құрамындағы бірқатар лауазым иелері қызметін сақтап қалды.

Нұрлыбек Нәлібаев

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінде қалды. Ол бұл қызметке 2026 жылғы 6 мамырда тағайындалған.

Жаслан Мәдиев

Жаслан Хасенұлы Мәдиев ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Серік Жұманғарин

Тоқаевтың жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметінде қалды.

Жұманғарин бұл қызметке алғаш рет 2024 жылғы 21 желтоқсанда тағайындалған болатын.

Мұның алдында президент жарлығымен  Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басшылары да қайта тағайындалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз