Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен құбырдан лай су ағып жатыр

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде құбырдан лай су ағып жатыр. Бірақ жауапты мекеме оның себебінен хабарсыз деп хабарлайды Kursiv Media.
Аталған жағдай «Өркендеу» тұрғын үй кешенінде болған. Құбырдан таза су орнына қоңыр, қоймалжың сұйықтық ағып жатыр. Видео Halyqstan телеграм арнасында жарияланды.
Видео авторларының сөзінше, бұл бірінші болып тұрған жағдай емес. Лай суды ішу мүмкін емес болғандықтан отбасы бөтелкемен су сатып алады. Жазда кейде тек су үшін 40-50 мың теңгеге дейін жұмсайды екен.
Болған жайтқа «Алматы Су» мекемесі пікір білдірді. Жауапты мамандардың сөзінше, су құбырлары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, санитарлық нормаларда өз деңгейінде.
«Бұл аудандағы қалалық су желілері мен сумен жабдықтау нысандарында берілетін судың сапасына әсер етуі мүмкін жоспарлы немесе апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген жоқ. Комиссиялық тексеру нәтижесінде «Алматы су» мамандары аталған тұрғын үй кешеніндегі суық судың сапасынан ауытқулар анықтамады», – деп мәлімдеді «Алматы су».
Дегенмен видеолар жарияланғаннан кейін мамандар тұрғын үйдегі құбыр сапасын тексеруге уәде берді.
Оқи отырыңыз: Қаскелеңде су құбыры жарылып, асфальт ойылып кетті