Ақмола облысында орман өрті шықты

4 қыркүйекте республика бойынша бір орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Кursiv.Media Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында тіркелген дала өрті қатты желдің салдарынан орман қоры аумағына көшкен. «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлері мен орман қорғау күштерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт қысқа мерзімде оқшауланып, толығымен жойылды.
«Бірқатар өңірдегі күн күркірі сақталуына байланысты өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр. Осыған орай мемлекеттік орман қорғау қызметі мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК күштері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, әуеде және жерде үздіксіз патрульдеу жүргізілуде, – деп хабарлады ҚР Экология министрлігі.
Сондай-ақ, министрлік өрт қаупі бар кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, табиғаттағы қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарауға және отты пайдалану кезінде барынша абай болуға шақырды.