Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров бір командада ойнайды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Tech Mahindra Global Chess League командалық турнирінде FYERS American Gambits құрамында өнер көрсетеді. Бұл туралы Kursiv Media хабарлайды.
Жарыс 5-13 қыркүйек аралығында Үндістанның Бангалор қаласында өтеді. Асаубаева командада өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен бірге ойнайды.
FYERS American Gambits құрамында олардан бөлек ресейлік Даниил Дубов, үндістандық Нихал Сарин, ирандық Сара Хадем және француз Марк-Андриа Маурицци бар.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 млн долларды құрайды. Биыл жарысқа алты команда қатысады. Олардың қатарында шахматтан әлемнің бұрынғы чемпионы Вишванатан Ананд пен атақты норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен де бар.
Асаубаева Үндістанға Франциядағы сәтті өнерінен кейін барады. Ол Сен-Тропеде өткен WR Women’s Chess Tour 2026 кезеңінде рапидтен алтын, блицтен күміс медаль жеңіп алған.
Танымал қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева өзбек гроссмейстері Жавохир Синдаров тек әріптес қана емес, оларды романтикалық қарым-қатынас байланыстырады. Асаубаеваның сөзінше, олар соңғы бес жылдан бері жақын араласып келеді.
Оқи отырыңыз: Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингіндегі бесінші орнын сақтап қалды