BMW 190 мыңға жуық көлігін кері қайтарып жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

BMW стартер релесіндегі ақауға байланысты 189 130 көлікті қайтарып алып жатыр. Өйткені, бұл өрт шығу қаупін тудырады.

Rbc ақпаратына қарағанда, BMW компаниясы қысқа тұйықталу мен өрт шығуына әкелуі мүмкін стартер релесінен ақау тапты. Кері қайтарылатын тізімге 2014-2020 жылдар аралығында шығарылған 3-ші, 5-ші және 7-ші сериялы көліктер кірді.

Гәп стартер релесі судан жеткілікті түрде қорғалмағандығында. Ұзақ уақыт ылғалдың әсер етуінен бөлшек ішіндегі түйіспелер тотығады. Бұл қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін. Нәтижесінде өрт шығу қаупі туындайды.

Кері қайтару науқаны 2014 жылдың 29 шілдесі мен 2020 жылдың 12 қарашасы аралығында шығарылған автомобильдерге қатысты.

Қажет болған жағдайда BMW су тамшыларының кіру мәселесін болдырмау үшін стартерді ауыстырады.

Бұған дейін BMW руль жүйесіндегі ақауға байланысты бірқатар X3 кроссоверлерін кері шақыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Десе де, BMW iX3 EV электромобилі Қытайда алдын ала тапсырыс бойынша жақсы көрсеткішке ие болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз