Enrique Iglesias Алматыға ұшып келді

Жарияланды 4 Қыркүйек 2026 20:54

(жаңартылды 5 Қыркүйек 2026 18:44)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Enrique Iglesias Алматыға ұшып келді / Фото: Kursiv.Media

Испаниялық әнші Enrique Iglesias Алматыға келді. Әлемдік жұлдызды жанкүйерлері кездейсоқ байқап қалып, видеоға түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

Өнер иесі түскен кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болып, қолданушылар арасында жылдам тарауда.

Еске сала кетейік, 5 қыркүйекте Enrique Iglesias Алматыда үлкен концерт береді. Шоу-бағдарлама қаланың Орталық стадионында өтеді. Шара барысында екі мыңға жуық полиция қызметкері кезекшілік етеді.

Көрермендерді стадионға кіргізу сағат 16:00-де басталады. Негізгі кіру есіктері Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесі жағынан жұмыс істейді.

Концерт аяқталғаннан кейін бірнеше бағыт бойынша қосымша шаттлдар қатынайды: әуежайға, «Орбита» шағын ауданына, «Алматы-1» вокзалына, Райымбек даңғылы — Алатау көшесіне, сондай-ақ «Алматы Аренаға» дейін.

Сондай-ақ оқыңыз