Көшпенділер ойындары: екі қазақ қызы финалда кездесіп қалды
Жарияланды

Қазақстандық садақшылар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бірнеше медаль алды, деп хабарлайды KursivMedia.
Дәстүрлі садақ атудан Орта Азия нысанасы бойынша екі қазақ қызы финалда кездесті. Нәтижесінде Әсемгүл Ғалымжанова алтын алды, ал Айкөркем Батихан күміс жүлдеге ие болды.
Дәстүрлі садақ атудан Аяш Қабдоллаева да алтын медаль алды.
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көпшенділер ойындарында үш күнде қазақстандық спортшылар 34 медаль алды. Оның ішінде 16 алтын, 8 күміс және 10 қола бар.