OpenAI GPT-6 Astra моделін таныстырды

OpenAI компаниясы GPT-6 Astra атты жаңа жасанды интеллект моделін таныстырды деп хабарлайды Kursiv.Media. Компания президенті Грег Брокманның айтуынша, модель жалпы жасанды интеллект (AGI) деңгейіне жетті.
AGI деп адамның әртүрлі саладағы тапсырмаларды орындау, үйрену және өздігінен ой қорыту қабілеттеріне барынша жақын жасанды интеллектті айтады. Яғни мұндай жүйе әртүрлі жұмысты өздігінен орындап, үйреніп, шешім қабылдай алады.
«Біз мақсатқа жеттік деп ойлаймын», – деді Брокман журналистермен кездесуде.
Оның айтуынша, AGI-ге жету бір сәтте емес, бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Брокман болашақта дәл GPT-6 Astra жасанды интеллекттің жаңа дәуірін бастаған модель ретінде бағалануы мүмкін екенін атап өтті.
Компания GPT-6 Astra-ны бейсенбі күні таныстырды. Модельдің мүмкіндіктері мен оған қолжетімділік туралы қосымша ақпарат кейін жарияланбақ.
Оқи отырыңыз: Әлем бойынша ChatGPT және басқа да нейрожелілердің жұмысында ақау пайда болды