Қазақстан бейбітшілік деңгейі бойынша рекорд жаңартты

Әлемде бейбітшілік деңгейі төмендеп келеді. 2026 жылғы Жаһандық бейбітшілік индексіне (GPI) сәйкес, соңғы бір жылда әлем бойынша орташа көрсеткіш 0,7%-ға нашарлаған. Бұл теріс динамика қатарынан 12 жыл бойы жалғасып келеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Соңғы бір жылда 163 елде жағдай нашарласа, 62 елде керісінше жақсарған. Қазіргі таңда 119 елдің бейбітшілік деңгейі 2008 жылмен салыстырғанда төмен болып отыр.
Бейбітшілік деңгейінің нашарлауына әсер етіп отырған негізгі факторлардың бірі – қарулы қақтығыстар санының өсуі. Соңғы мәліметтер бойынша, 2024 жылы әлемде 61 белсенді мемлекеттік қарулы қақтығыс тіркелген. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең жоғары көрсеткіш.
2026 жылғы рейтингте әлемдегі ең бейбіт ел ретінде Исландия танылды. Ол 1,161 балл жинап, 19 жыл қатарынан бірінші орында тұр.
Алғашқы үштікке сондай-ақ Жаңа Зеландия және Швейцария кірді. Одан кейін Словения мен Ирландия орналасқан.
Ал рейтингтің соңғы орындарында негізінен қарулы қақтығыстар жүріп жатқан мемлекеттер тұр. Ресей 163-орынға жайғасты. Одан кейін Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Украина және Израиль орналасқан.
Орталық Азия елдері әлемдік рейтингте салыстырмалы түрде жоғары орындарға ие болды.
Аймақтағы ең үздік нәтиже Өзбекстанға тиесілі, Қазақстан 1,771 баллмен 44-орынды иеленді. Орталық Азияның барлық бес мемлекетінде де бейбітшілік деңгейі жоғары.
Бір жыл ішінде Өзбекстан мен Қазақстанның көрсеткіштері жақсарған. 2025 жылы Қазақстанның индексі 1,791 балл болса, 2026 жылы 1,771 баллға дейін төмендеген. GPI шкаласында балл неғұрлым төмен болса, елдегі бейбітшілік деңгейі соғұрлым жоғары екенін ескерген жөн.
Қазақстанның қазіргі көрсеткіші 2008 жылдан бергі ең үздік нәтиже болды. Осылайша, Қазақстан екінші жыл қатарынан өзінің ең үздік нәтижесін жаңартып отыр.
Соңғы он жылда Орталық Азияның барлық бес елінде де бейбітшілік индексі жақсарған.
Айта кетейік, былтырғы тізімде Қазақстан 56-орында болған еді.