Қазақстандықтар бір жылда кафе мен ресторанға 2,1 трлн теңге жұмсаған

Жарияланды (жаңартылды )
Мектептердегі тамақтану
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 19 588 тамақтану орны жұмыс істеген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға көп, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы елде 16 674 қоғамдық тамақтану орны болған. Қоғамдық тамақтану орындарының ең көп саны Алматыда 3 522, Астанада 2 761 және Қарағанды облысында 1 275 тіркелген. Бір жыл ішінде кафелердің саны артқан.

Олардың саны 5 202-ден 5 987-ге дейін көбейіп, 15,1%-ға өскен. Асханалар саны да 5,7%-ға артып, 5 940-қа жетті. 2025 жылдың соңында Қазақстанда 3 024 мейрамхана жұмыс істеген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 666 орынға көп. Мейрамханалар саны бойынша Астана, Алматы және Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр.

Ал кафелердің ең көбі Алматыда 1 036, Астанада 809 және Қарағанды облысында 485-і орналасқан. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тамақтану және сусындар саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 2,1 трлн теңгеге жетті.

Тағы да оқыңыз: Фастфуд баланы қалай қызықтырады, ал пайдалы тағам неге мықты маркетингке мұқтаж

Сондай-ақ оқыңыз