Қазақстандықтардың табысы туралы көбірек дерек алу жоспарланып отыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі салықтық деректерді алу тәртібін өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Ведомство салық құпиясына жататын қосымша мәліметтерді алғысы келеді. Тиісті бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Не өзгереді
Құжатта мемлекеттік кірістер органдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынатын мәліметтер туралы сөз болып отыр. Қазір мұндай ақпарат алмасу тәртібі қолданыста болады. Алайда оған өзгерістер енгізу ұсынылды.
Енді министрлік қажетті мәліметтерді екі ведомствоның ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы арқылы ала алады. Яғни деректердің бір бөлігі мемлекеттік ақпараттық базалар арасында автоматты түрде беріледі.
Еңбек министрлігі өзгерістерді мәселелерді неғұрлым толық әрі объективті қарастыру үшін қосымша мәліметтер алу қажеттілігімен түсіндіреді. Сондай-ақ жаңа тәртіп берілетін ақпараттың өзектілігін сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.
Бұл ретте әңгіме салық құпиясын құрайтын мәліметтер туралы болып отыр. Алайда министрлікке нақты қандай қосымша деректер берілетіні жарияланған салыстырмалы кестеде көрсетілмеген.
Қандай салдары болуы мүмкін
Құжат әзірлеушілердің айтуынша, бұйрықтың қабылдануы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кері салдарға әкелмейді.
Жоба бойынша қоғамдық талқылау 21 қыркүйекке дейін жалғасады.