Төлімен жүрген бұлан таспаға түсіп қалды
Жарияланды

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің фототұзағы төлімен бірге орман аралап жүрген бұланды таспаға түсірді. Бұл туралы «Қазақ орманына» сілтеме жасаған Kursiv Media хабарлайды.
Бұлан – ұзын аяғы, ірі денесі және аталықтарының жалпақ мүйіздерімен ерекшеленетін жануар. Оның салмағы бірнеше жүз келіге дейін жетуі мүмкін.
Бұлан негізінен орманды және су маңындағы аумақтарды мекендейді. Дене тұрқы ірі болғанымен, бұл жануар адамдардан аулақ жүруге тырысады. Сондықтан оның табиғи ортадағы тіршілігін фототұзақ арқылы бақылауға мүмкіндік бар.
Бұл жолы Қарқаралы орманындағы бұлан камера объективіне түскен.
Оқи отырыңыз: Өскеменде жалғыз серуендеп жүрген аюдың видеосы тарап жатыр