Тоқаев Алматы облысының әкімін орнынан алды
Жарияланды

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Kursiv Media Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды», – делінген жарлықта.
Айта кетейік, бүгін, 4 қыркүйекте облыстағы мәслихат депутаттары өңір әкімін тағайындау мәселесін қарауы керек.