Ұлттық қордан бөлінетін трансферт таусылуға жақын: теңге бағамына қалай әсер етеді

Жарияланды (жаңартылды )
Business news бөлімінің редакторы
Коллаж: Делия Айдаралиева, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттердің жылдық лимиті тамыз айының соңында-ақ таусылға шақ қалған. Halyk Finance сарапшыларының пайымдауынша, жыл соңына дейін қор қаражатын пайдалану параметрлері қайта қаралып, қосымша ақша алынуы мүмкін.

Шектеулі лимит

2026 жылға арналған жоспар бойынша Ұлттық қордан бюджетке бөлiнетiн кепілдендірілген трансферт көлемі 2,77 трлн теңгеге дейін азайтылған болатын. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылы бұл көрсеткіш 5,25 трлн теңгені құрады.

Дегенмен, 1 тамыздағы мәліметке сәйкес, жылдық жоспарланған трансферттің 84%-ы жұмсалып қойған.

Жеті айда жоспарланған 2,77 трлн теңгенің 2,3 трлн теңгесі бюджетке аударылып, жұмсалып жатыр. Алдағы бес айда қордан тек 450 млрд теңге бөлінуі тіс.

Валюта нарығындағы ұсыныс қандай

Қыркүйек айында Ұлттық банк бюджетке берілетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 200–300 млн доллар көлемінде валюта сатуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, валюта нарығына бағамды қолдайтын өзге де тетіктер әсер етеді.

Қыркүйекте алтын операцияларын «айналау» тетігі шеңберінде 374 млрд теңге баламасында шетел валютасы сатылады. Одан бөлек қыркүйектен ішкі валюта нарығында бұрын сатып алынған шетел валютасын сату қайта басталады. 200–300 млн доллар төңірегінде валюта нарыққа шығарылуы мүмкін.

Валюта бағамына басқа не ықпал етеді

Halyk Finance өкілдері теңге бағамына қатысты соңғы болжамды Ұлттық қордан бөлінетін трансферт көлемінің өзгерісін ескере отырып жаңартпақ.

«Уақытша факторлардан бөлек, теңге бағамына ықпал ететін негізгі қозғаушы күштер өзгеріссіз қалады. Олар: ішкі нарықтағы валюта ағынының теңгерімі, мұнай бағасының динамикасы және бейрезидент инвесторлардың белсенділігі», – дейді сарапшы Салтанат Игенбекова.

Алдағы үш жылда Ұлттық қордан кепілді трансферттен бөлек, аса маңызды нысандар құрылысы үшін қосымша 5 трлн теңге алынбақ.  

Сондай-ақ оқыңыз