10 жылға сотталуы мүмкін: 1,5 млн доллар жымқырған күдікті Қазақстанға жеткізілді

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Күдікті Грузиядан жеткізілді / Фото: Shutterstock

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2023 жылы Алматыда коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатамын деген желеумен азаматтан 1,5 миллион доллар алып, бой тасалаған.

Осыдан кейін күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, былтыр желтоқсанда Грузияда ұсталған еді.

Қазақстан тарабының сұрауы бойынша ол отанына қайтарылып, тергеу изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін 2,5 млрд теңге жымқырып, халықаралық іздеуде жүрген күдікті Кореядан жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыз