Картоп қазып беруін сұраған: 90-дағы кейуананың өліміне күдікті ретінде ұлы ұсталды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Зейнеткер өз анасын балталап өлтірген бе / Фото: shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында 89 жастағы кейуананы ұлы балталап өлтіруі мүмкін. Бұл туралы Halyqstan телеграм-арнасы хабарлайды.

Көршілердің айтуынша, анасы 66 жастағы ұлын бақшадан картоп қазуға шақырған.

Кейіннен анасының мәйіті ұлының үйінің ауласынан табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, зейнеткерді балтамен ұрып өтірген. Қылмысқа күдікті ретінде 66 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция ауыл тұрғынының қайтыс болуы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, бірқатар сараптамалар тағайындады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Бейресми деректерге қарағанда, ұсталған азаматтың бұған дейін жүйке жүйесінде ауытқуы болған.

Бұған дейін Түркістан облысында күйеуі әйелін балаларының көзінше пышақтап тастаған.

Сондай-ақ оқыңыз