Жаңа буындағы Mitsubishi Pajero көлігінің бағасы белгілі болды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Жаңа буындағы көлік құны қанша / Фото: Mitsubishi

Жаңа буындағы Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігі Аустралия нарығына 68 490 аустралиялық доллардан (~22,47 млн теңге) басталатын бағамен шығады.

Жапондық автоөндіруші жаңа модельдің бағасы мен жиынтықтау нұсқаларын ресми түрде жариялап, тапсырыс қабылдауды бастап кеткен.

Өндірісі Таиландта жолға қойылатын су жаңа жол талғамайтын көлікті алғашқы сатып алушылар 2026 жылдың желтоқсанында қолға алады, ал қазірдің өзінде 3 мыңнан астам алдын ала өтінім түскен.

Базалық GLS нұсқасы 5 орынды (68 490 аустралиялық доллар) және 7 орынды (69 990 доллар немесе ~22,96 млн теңге) болып шығады Ол жарықдиодты оптика, 18 дюймдік дискілер, су өткізбейтін матамен қапталған салон, екі 12,3 дюймдік дисплей, екі аймақты климат-бақылау, рөл жылытқышы және электрлі жүксалғышпен жабдықталған.

Ал жайлылықты жоғары бағалайтындар үшін Exceed және топ-деңгейдегі GSR жиынтығы ұсынылады. 79 990 доллар тұратын Exceed нұсқасы (~26,24 млн теңге) 20 дюймдік дискілері, қара былғары салоны, үлкейтілген 14,3 дюймдік екі экраны, ортаңғы консольдегі салқындатқыш бокс және 12 динамигі бар Yamaha аудиожүйесімен ерекшеленеді.

Модель қатарының көшбасшысы GSR нұсқасы 84 990 долларға (~27,88 млн теңге) бағаланған, оның салоны екі түсті премиум былғарымен қапталған. Mitsubishi модельді уақыт өте келе Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы және Таяу Шығысты қамтитын 100-ден астам елдің нарығына шығаруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда 7 млн теңгеге дейінгі жүрілген көліктер арасында жапон кроссоверлері мен корей седандары көш бастап тұр. Олардың басым көпшілігі жүргізушілердің сенімін ақтаған сенімді көліктер. 5,5-7 млн теңге бюджетінде ең өтімді модельдер қатарында Mitsubishi ASX және Mitsubishi Outlander бар.

Сондай-ақ оқыңыз