Көкпардан ұлттық құраманың әр салымына мың доллардан берілмек

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Айгерім Таубай

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финал басталды. Финалға Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары шықты.

Ойынның алғашқы минутында Қырғызстан құрамасы бір салым салды. Бірінші тайм нәтижесі – 3:2. Қырғызстан алда келе жатыр.

Сондай-ақ ойын барысында ұлттық құраманың әр салымына мың доллардан берілетіні хабарланды.

Одан бөлек екі командаға 60% және 40% түрінде 5 млн теңге берілмек. Жеңіске жеткен команда үлесі жоғары болады.

Айта кетейік, көк бөрүден финалда 12:0 есебімен Қырғызстан құрамасы жеңіске жетті.

Материал толықтырылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз