Марқакөлде орман өртеніп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Экология министрлігі

Марқакөл орман шаруашылығында орман күзеті мен ТЖМ бөлімшелері табиғи өртті сөндіріп жатыр.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары жетуі қиын жерде жүргізілу үстінде.

«Жұмысқа орман күзетінің күші мен ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылды. Өртті сөндіруге орман күзеті мен ТЖМ-нің 85-ке жуық қызметкері, 10 техника бірлігі, «Қазавиалесоохрана» қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы қосылған», – делінген ақпаратта.  

Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау аясында тартылған тікұшақ ұшып жүр. ТЖМ өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Жағдай жауапты қызметтердің бақылауында.

Айта кететін жайт, тамыз айының басында Қазақстанда бір күнде 13 орман өрті тіркелген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз