Toyota мен Lexus секілді: Haval GWM H10 Wey брендімен шығарылады

GWM компаниясы Haval GWM H10 кроссоверін Қытайда премиум Wey брендімен шығаруды жоспарлап отыр.
«Қытай көліктерінің» ақпаратына қарағанда, жаңа модельдің атауы әзірге жарияланған жоқ. Wey ұсынған суреттерден жаңа көліктің негізі H10 екені бірден байқалады.
Несімен ерекше
Ол бастапқы модельден бампері, радиатор торы мен оптикасымен ғана ерекшеленеді. Бұл тәсіл Toyota Land Cruiser мен Lexus LX арасындағы байланысты еске салады.
Салон дизайны да H10-ға ұқсас болады деп күтілуде. Алайда Wey нұсқасы сапалырақ материалдармен және кеңейтілген жабдықтармен ұсынылуы мүмкін.
Гибрид жүйесі
Haval GWM H10 – толық өлшемді кроссовер. Оның бес орындық нұсқасының ұзындығы 5138 мм, ал үш қатарлы нұсқасы 5299 мм. Дөңгелек базасы – 3000 мм.
Кроссовер Hi4 гибрид жүйесімен жабдықталған: 1,5 литрлік қозғалтқыш, DHT трансмиссиясы және екі электр моторы бар.
Бағасы
Жалпы қуаты – 598 а.к., ал 42,8 кВт·сағ батарея бір қуатпен электр режимінде шамамен 227–232 шақырым жүруге мүмкіндік береді.
Қытайда H10-ның қазіргі бағасы жеңілдікпен 201,8–223,8 мың юань аралығында (13 682 626 -15 174 312 теңге). Жеңілдіксіз бағасы – 14,22 миллион мен 15,71 миллион теңге.
Айта кететін жайт, бағасы 14,6 млн теңгеден басталатын Haval H9-дың жол талғамайтын нұсқасы шықты.