Алматыдағы 45 мың орындық жаңа стадион қандай болады (видео)

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: видеодан скрин / instagram.com/almatydc.kz

Алматыда салынатын жаңа заманауи стадионның жобасы бейнеролик арқылы көрсетілді. Бұған дейін нысанның макеті таныстырылса, енді оның қандай болатынын бейнеформатта көруге болады. Бұл туралы Kursiv.media Алматы қаласын дамыту орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыны дамыту орталығы мегаполисте салынып жатқан жаңа заманауи стадионның қандай болатынын көрсететін видеоны Instagram парақшасында жариялады. Нысанның визуализациясы жасанды интеллект көмегімен жасалған болуы мүмкін.

«Бүгін – құрылыс алаңы, ертең – 45 мың жанкүйерді жинайтын футбол стадионы. Арена УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай салынып, халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдамақ», – делінген видео сипаттамасында.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жаңа футбол аренасының құрылысы 2028 жылғы наурыз айында аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз