«Арам жеңістің керегі жоқ»: қырғыз жанкүйерлері Қазақстанның жеңісін мойындап отыр

Әлеуметтік желіде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының (World Nomad Games) қорытынды кестесіне байланысты дау өршіп тұр. Ұйымдастырушылар жариялаған ресми медальдар есебінде Қазақстан құрамасының олжалаған жүлделері толық қамтылмай, екінші орынға сырғытылуы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Алайда бұл мәселеде қазақстандықтар ғана емес, қырғыз ағайындардың өзі ақиқатын айтып, әділдікті талап етіп отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Threads желісінде қырғызстандық қолданушылар ұйымдастыру комитетінің әрекетін ұятқа балап, 1-орын мен жеңіс ақиқат бойынша Қазақстанға тиесілі екенін ашық жазып жатыр.
Әділетсіз жеңістің керегі жоқ
Қырғыз жанкүйерлері бірінші орынның бұрмаланған сандармен берілгеніне қарсылық білдіріп жатыр.
«Бізге мұндай арам, әділетсіз 1-орынның керегі жоқ. Қазақ бауырлар әділетті түрде 32 алтын медаль ұтып алып, бірінші болды! Қателіктеріңді мойындап, кешірім сұрап, медальдарды қайтарып беріңдер», – деп жазады қолданушылардың бірі.
Cондай-ақ қолданушылар тоғызқұмалақ ойыны бойынша 4 алтын медальдың орнына небәрі 1 алтын деп есептеліп кеткенін сынға алды. Сонымен қатар жарыс барысында ережелердің кенеттен өзгертілуіне қатысты тәуелсіз комиссия тексерісін жүргізуді талап етуде.
View on Threads
«Қазақ бауырларға 1-орынды беріп, құттықтап, сыймен шығарып салу керек еді. Бүкіл мерекелік көңіл-күйді бұздыңдар. Ақиқатты бұрмалап, бүкіл қырғыз халқын ұятқа қалдырмаңдар», – дескен желі қолданушылары ұйымдастырушылардан ресми түрде кешірім сұрауды талап етуде.
View on Threads
View on Threads
Еске сала кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бірінші орынды кім алғаны сол күйі белгісіз болып қалды. Дау туындағаннан кейін қырғыз тарапы ресми медальдар есебі жүргізілмейтінін хабарлаған болатын.