Блогер Дәмелі тойында күйеу жігітке тосынсый жасады 

Жарияланды
Фото: threads.com/@ariell_slim, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

«Ұмытылмас күн» күн атауымен өткен блогер Дәмелі мен Мұраттың үйлену тойына желіде Жыл тойы деген атақ беріп жатыр. Алматыда ең қымбат мейрамханада өткен тойға Димаш, Кеңес Рақышев, «Дос-Мұқасан» тобы қатысқанын жазғанбыз.

Дәмелі Бектұрсынова тойда жарына тосынсый жасаған. Пианинада ойнап, Алла Пугачева орындайтын «Любовь, похожая на сон» әнін орындаған. Күйеу жігіт мұндай тосынсыйды күтпегені оның әсерінен көрініп тұр. Желіде екі жасқа бақыт тілеп, күйеу жігіт қыздардың ішіндегі ең талантты, ақылына көркі сай қызды таңдап алғанын жазған. 

Сондай-ақ олардың неке жүзігі Harry Winston брендінен екенін жазғандар көп. Бұл жүзіктердің нарықтағы бағасы 20 мың доллардан басталады. 

«Жігіт жақсы көретін сияқты, көзқарасы керемет. Өзі желіден кетіп қарапайым болды деп жазбаңыздар, қарапайым олигархқа тұрмысқа шықты. Өте әдемі жұп. Ешкімнің қолы жете алмаған қызды жұлып әкетті», – деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть в Threads
Сондай-ақ оқыңыз