Көшпенділер ойындарында жылқыға қатыгездік көрсеткен адамға шағым түсті

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық көкпаршының жылқыға жасаған қиянаты желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ол ауыздықты қатты тартқандықтан, жылқы езуі жыртылып, қан сауғалап аққан. Желіде мұны жануарға жасалған қастандық деп айыптап жатыр. Көкпаршының үстінен E-otinash арқылы туризм және спорт министрлігіне арыз жолданған. Өзге елде Қазақстанның имиджін теріс жақтан көрсетіп жатыр деген наразылықтар да көп.
«Біз тек осы қырымыздан көрінеміз. Бізді қатігез, педофил, әйел өлтіргіш деп таниды. Не деген сұмдық мынау? Мейірім қайда қалды? Резонанс жасап бұл ойынды мүлдем алып тастау керек» ,- деп жазды ашынған желі қолданушылары.
Қырғызстандықтар да жағдайға өз пікірлерін білдірген.
«Жеңілісті қабылдай алу керек. Таңертеңнен қырғыздар жеңісті өздеріне берді деп шулап жатырсыңдар. Алдымен жануарға мейірім көрсетіп үйреніп алыңдар»,-деп жазған қырғыздар.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының (World Nomad Games) қорытынды кестесіне байланысты дау әлі басылмай тұр.